378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте әйел өзін-өзі өртеп жіберді

  • 325
  • UPD: 12:29, 04.12.2019
<span class=favorites>Шымкентте әйел өзін-өзі өртеп жіберді</span>

Шымкентте әйел адам өз-өзін өртеп жіберді.

Оқиға 3 желтоқсанда Тассай ықшам ауданында болған. Әйелдің денесінің 80 пайызы күйіп қалған, ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Tengrinews.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

1988 жылғы әйел үстіне жағармай (болжаммен, бензин) құйып, Тассай ықшам ауданындағы Юсуф Сареми көшесінің бойындағы ашық алаңда өзін өртеп жіберген. 

Ол гиперболиялық оксигенация орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы тым ауыр деп бағаланған.

Нақтыланбаған мәлімет бойынша, өзін-өзі өртеуге жігітімен айырылысуы себеп болған.

Аталған жайт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзiн өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы