384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арқалық маңында болған жол апатынан үш адам қайтыс болды

  • 177
  • UPD: 15:30, 04.12.2019

Арқалық қаласы маңында 3 қарашада жол апаты болып, үш адам қайтыс болды, төрт адам ауыр жарақат алды.

Апаттан зардап шеккендердің арасында кішкентай балалар бар екендігі белгілі болды.

«3 қарашада болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр. Арқалық – Торғай тас жолының 48-шақырымында Lada Granta маркалы көліктегі 39 жастағы жүргізуші қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Lada автокөлігінің жүргізушісі, 23 жастағы әйел және бір жасар бала оқиға орнында қайтыс болды. Осы көліктегі қалған 4 жолаушы Арқалық ауруханасына жатқызылды», - деп хабарлады полиция департаменті.

Хабар 24 телеарнасы