418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда өртке оранған пәтерден он жасар бала құтқарылды

  • 466
  • UPD: 11:01, 05.12.2019
Павлодарда өртке оранған пәтерден он жасар бала құтқарылды alashainasy.kz

Павлодарда 4 желтоқсан күні көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шықты, деп хабарлады pavlodarnews.kz .

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, пәтер балконындағы өрт туралы хабар 4 желтоқсанда сағат 20:32-де келіп жеткен. Оқиға 1 мамыр, 288 мекенжайында орын алды.

«Көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтер балконында үй заттары жанды. Өрт 20:44-те жойылды. Өрт үш шаршы метр ауданды шарпыды. Пәтерде он жасар ұл бала болды. Анасы осы кезде жұмыста болған. Өрт сөндірушілер баланы көршілерге тапсырды. Оқиға орнында ТЖД 16 қызметкері мен бес бірлік техника жұмыс істеді», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ. Өрт шығудың себептері анықталуда

Хабар 24 телеарнасы