376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте екі жасөспірімді көлік қағып, біреуі көз жұмды

  • 198
  • UPD: 13:22, 06.12.2019
Шымкентте екі жасөспірімді көлік қағып, біреуі көз жұмды Today.kz

2019 жылғы 4 желтоқсанда Шымкент қаласында Темірлан тасжолы бойында кәмелетке толмаған екі жасөспірімді көлік қақты, деп хабарлайды Қазақпарат Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жасөспірімдердің біреуі алған жарақатынан қайтыс болды. Ал екіншісі Шымкент қаласындағы медициналық мекеменің жансақтау бөліміне жеткізілді. Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347-бабы «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған көліктің маркасын және оның орналасқан жерін анықтады. Аталған автокөлік жүргізушісін ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы