376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде теміржол бойында селфи жасамақ болған қыз ажал құшты

  • 269
  • UPD: 17:25, 06.12.2019
Ақтөбеде теміржол бойында селфи жасамақ болған қыз ажал құшты

Теміржол бойында селфи жасамақ болған ақтөбелік бойжеткен ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы жағдай облыс орталығының әуе қалашығы ауданында орын алған. Екі студент қыз суретке түспек болып жолға жақын келген көрінеді. Салдарынан бірін жүріп келе жатқан жүк пойызы қағып кеткен. Ауыр жарақаттанған ол жедел жәрдем ауруханасына жеткізілгенімен, таң ата қайтыс болған. Жалпы өңірде жыл басынан бері жүзден аса адам өткелден және рұқсат етілмеген жер арқылы жолды кесіп өтуден зардап шеккен. Ал, жол-көлік апатынан 17 азамат қайтыс болды.

Ерболат Сарқұлов, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Тек қараша айында Ақтөбе облысының жолдарында 43 жаяу жүргінші зардап шекті. Оның ішінде алтауы қаза болды. 39 адам жараланды. Полиция департаменті жаяу жүргіншілерді теміржол маңында және автокөлік жолдарының маңында сақ болуыңызды сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы