432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шекарадан баланың жөргегіне алтын салып өтпек болған әйел ұсталды

  • 574
  • UPD: 07:23, 07.12.2019
Шекарадан баланың жөргегіне алтын салып өтпек болған әйел ұсталды

Әжей немересінің жөргегіне алтын бұйымдар салып алып Қазақстанға апармақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзбекстан Республикасының Кеден комитеті қымбат металдар мен тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Өзбекстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу фактілері дер кезінде тоқтатылғанын айтады. Сонымен 6 желтоқсанда Ташкент облысындағы «Гишткуприк» шекара кеден бекетінде (Түркістан облысының Жібек Жолы шекара жолы) осындай құқық бұзушылық фактісі анықталды.

Атап айтсақ, әйел алтын бұйымдарды, оның ішінде 6 алқа, 4 білезік пен 1 сақинаны заңсыз алып өтпек болған, оларды алдын ала екі жасар немересінің жөргектерінің ішіне жасырған. Ауызша сұрау кезінде жарияланбаған және анықталмаған зергерлік бұйымдардың жалпы салмағы 1 келі 115 грамм екені белгілі болды. Бағалы металдардың бағасы 334 миллион 500 мың сомға (шамамен 13,5 миллион теңге) бағаланып отыр. Қазіргі таңда аталған заң бұзушылық фактісі бойынша кедендік тексеру жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы