378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында ақбөкен атқан браконьерлер ұсталды

  • 258
  • UPD: 09:52, 07.12.2019

Ақтөбе облысында ақбөкендерге аңшылық құрған екі күдікті ұсталды. Оларды Шалқар ауданының аумағында «Охотзоопром» кәсіпорнының қызметкерлері қолға түсірген.

Ұстау барысында, күдіктілер өздері мінген көлікті өртеп жіберіпті. Бұл айғақ заттардың ізін жою мақсатында жасалған әрекет көрінеді. Әрі жол талғамайтын көлік салонында мылтық пен қажетті оқ-дәрінің болғанын күдіктілер кейін мойындаған. Қазір олардың ісімен аудандық полиция бөлімі айналысып жатыр. Жалпы жыл басынан өңірде 11 заңсыз аңшылық құру дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Шоқан Ақылбеков, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Ақтөбе өңірлік филиалының аға инспекторы:

-Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Криминалистер барлығын анықтайды. Басында  сол күдікті азаматтардың айтуларына байланысты екі дана атылған киік денесі және 12 калиболі мылтық бар деп ауыздарымен айтылған. Қызылорда облысының азаматтары.

Хабар 24 телеарнасы