423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды

  • 525
  • UPD: 14:12, 07.12.2019

Ақмола облысында түн ішінде боранда жолда қалған 92 адам құтқарылды, оның 4-уі бала, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, боран салдарынан Атбасар ауданы аумағында 6 желтоқсан күні сағат 22:05-те «Алматы-Екатеринбург» жолының бойында «Нұр-Сұлтан-Державинск» және «Нұр-Сұлтан-Рудный» бағытымен жүріп келе жатқан «Вольво» жəне «Setra» автобустары жолда қалған.

«Құтқару жұмыстарына ТЖД 3 қызметкері мен 2 техникасы тартылды. Екі автобуста болған 20 жолаушы (оның екеуі бала) құтқарылып, Атбасар қаласындағы мектеп интернатына уақытша жайғастырылды», - деді ведомство.

Ал сол күні сағат 22:30-да өңірдегі барлық бағыттағы автокөлік жолдарының жабық болуына байланысты «Көкшетау-Атбасар» жолының бойында 5 жеңіл көліктегі 12 адам Полтавка орта мектебіне жеткізілді. Сонымен қатар жолдардың жабық болуына байланысты желтоқсанның 7-де түнгі сағат 00:05 Көкшетау қаласынан 17 шақырым қашықтықта «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолынан «Setra» автобусы қауіпсіз жерге жеткізілді.

«Сургут-Шымкент» бағытындағы «Setra» автобусында 69 адам жолаушы болды. Оның екеуі бала. Олардың барлығы жылыту орнына жеткізілді. Медициналық көмекке жүгінгендері жоқ», - деп толықтырды ведомстводан.

Хабар 24 телеарнасы