380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында олимпиададан қайтып келе жатқан оқушылар апатқа ұшырады

  • 213
  • UPD: 11:41, 07.12.2019
Атырау облысында олимпиададан қайтып келе жатқан оқушылар апатқа ұшырады

Атырау облысы Индер ауданында оқушылар мінген автомобиль жол апатына ұшырады.

Жол-көлік оқиғасы 6 желтоқсанда 19:50 шамасында Индер-Атырау жолында Бөдене ауылына жақын маңда болған. Opel Vectra және Lada Х-Ray автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Opel автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі қаза тапты. 

Дереккөз мәліметінше, Lada тізгінінде Құрылыс ауылының мұғалімі болған. Ол бес оқушыны аудан орталығы Индербор кентінен олимпиададан алып қайтқан. 9 адам зардап шекті, оның ішінде бес бала да бар. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді.

tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы