427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қандаланы улап құтылмақ болған отбасы ауруханадан бір-ақ шықты

  • 591
  • UPD: 17:37, 07.12.2019
Алматыда қандаланы улап құтылмақ болған отбасы ауруханадан бір-ақ шықты

Алматыда үйіндегі қандаланы дәрімен улаған отбасы мүшелері иіс тиіп,  ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1 желтоқсан күні қалалық ауруханаға 1952 жылы туған әйел мен 1987 жылы туған жігіт жеткізілді. Диагнозы – тыныс жолдарының жәндіктерді өлтіретін химиялық қоспадан улану. Уытты энцефалопатия. Қазіргі таңда пациенттер жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр. Тиісті ем-шара жүргізілуде», – деп мәлім етті Алматы қаласы тауар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Айтуларынша, 30 қараша күні олар базардан сатып алған «Палач» атты қандала улайтын инсектицидті пәтерге сепкен. Қазіргі таңда департамент тиісті іс-шараларды жүргізіп, аталмыш затты зертханада тексеруден өткізуде. Көршілерден сұрақ-жауап алынды. Олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы