381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 49 жастағы адам сексен келіден астам марихуанамен ұсталды

  • 227
  • UPD: 21:45, 08.12.2019
Елордада 49 жастағы адам сексен келіден астам марихуанамен ұсталды

Елорда полицейлері есірткі сатумен айналысқан күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі. 

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елорда аумағына есірткі әкеліп, өткізумен айналысатын адамдарды ұстау бойынша жедел здестіру шараларын өткізді. 

Жедел іздестіру шаралары барысында Абылайхан даңғылының бойындағы тұрғын үй-жайға тінту жүргізу кезінде бұрын бірнеше рет сотталған 49 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Ер адамнан салмағы 80 келіден асатын марихуана тәркіленді.

Мамандардың айтуынша, бұл 40 000 реттен аса қолдануға болатын дозаны құрайды. 

Есірткі құралын ер адам елорда аумағында өткізбекші болған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 

Қазіргі уақытта ұсталған адам Нұр-Сұлтан қаласынының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іске қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Жыл басынан бері елордалық полицейлер 150 келіден астам түрлі есірткі құралын, оның ішінде героин және синтетикалық есірткілерді тәркілеген. «Есірткіні өткізу» бабы бойынша 73 қылмыстық іс, сондай-ақ түрлі есірткі құқық бұзушылықтары бойынша 370 қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы