378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда көлікпен соқтығысқан мотоциклші қаза тапты

  • 221
  • UPD: 23:08, 08.12.2019
Атырауда көлікпен соқтығысқан мотоциклші қаза тапты

7 желтоқсанда таңғы 01:30 шамасында қала маңындағы Жұмыскер ауылында мотоцикл мен Lada-21703 автокөлігі соқтығысып, салдарынан 46 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал оның 36 жастағы жолаушысы жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. 22 жастағы «Лада» жүргізушісіне медициналық көмек қажет болмады. 

«ҚР ҚК-нің 345-бабы (Абайсызда адам өліміне әкеп соғатын көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жолда жүру немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

azh.kz

Хабар 24 телеарнасы