425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында көліктер соқтығысып, 4 жолаушы зардап шекті

  • 729
  • UPD: 13:40, 09.12.2019
Жамбыл облысында көліктер соқтығысып, 4 жолаушы зардап шекті

Жамбыл облысында 4 бірдей көлік жол апатына ұшырады,  деп хабарлайды «Хабар 24»

Оқиға Қордай ауданы Алматы-Ташкент-Термез автожолында болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, автомагистральдің бойындағы дәмханалардың бірінен негізгі жолға шықпақ болған жүк көлігі минивенмен қақтығысқан. Болжам бойынша КАМАЗ-дың жүргізушісі қалың тұманнан өзге көліктерді көрмеген болуы мүмкін. Салдарынан бірінің артынан бірі жүйткіген тағы екі автобус соқтығысып қалды. Абырой болғанда, адамдар аман. Алайда бірінші автобустың 4 жолаушысы түрлі дене жарақатын алды. Олар жергілікті аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық жәрдем көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды. 

 

 

Хабар 24 телеарнасы