380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда екі бала үй ішінде жанып кетті

  • 226
  • UPD: 17:36, 09.12.2019
Қостанайда екі бала үй ішінде жанып кетті

Әулиекөл ауданында тұрғын үй өртеніп, екі бала көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады. Оқиға бүгін аудан орталығындағы 1 мамыр көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған.

«Үй ішінде қараусыз қалып қойған 2016 және 2018 жылы туған екі бала жанып кетті. Үйдегі барлық төсек-орын, жиһаз өртенді. Өрт ауқымы 18 шаршы метрді құрады», - деді Ирина Беженарь.

Тұрғын үйдегі өрт бүгін сағат 12.39-да толығымен сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы