375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында көктайғақ пен тұман салдарынан 14 көлік соқтығысты

  • 267
  • UPD: 20:21, 09.12.2019
Жамбыл облысында көктайғақ пен тұман салдарынан 14 көлік соқтығысты

Жамбыл облысында көктайғақ пен тұман салдарынан 14 көлік соқтығысып, бірқатары аударылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оқиға Байзақ ауданының Ақшолақ ауылы маңында болған. Апатқа ұшыраған көліктердің екеуі жүк, қалғаны жеңіл көлік. Оның ішінде науқасты әкеле жатқан жедел жәрдем көлігі де бар. Апаттан екі адам жарақат алды. Оның біреуі – фельдшер. Ол Тараз қалалық ауруханасына жеткізіліп, жедел операция жасалған. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр. Бауыры езілген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Самат Құсайынов, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары:

- Әр жүргізушінің өзі кінәлі деп есептейміз. Ол жерде жүргенде біріншіден, тұман жағдай болған. Екіншіден, жолдың үстінде жұқа мұз дейді ғой. Сондай жағдай болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы