424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да полицейлер жолдардың күзетін күшейтті

  • 443
  • UPD: 15:43, 10.12.2019

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері елді мекендердің арасындағы жолдарда күзетті күшейткен. Ауа райының құбылмалы болуына байланысты соңғы бірнеше күн ішінде ондаған көлік қар құрсауында қалып отыр. Мәселен, Көкшетау-Рузаевка бағытында сапарға шыққан жүргізушінің көлігі ырқына келмей жолдан ұшып кеткен. Тәртіп сақшылары аударылып қалған автомобильді көтеріп, елді мекенге жеткізуге қолұшын берді. Ал жүргізуші жақын маңдағы қонақүйге жеткізілді. 

Атырауда мұздың астына түсіп кеткен 31 жастағы азамат құтқарылды. Оқыс оқиға шаһардың ортасындағы көпірдің астында болған. Жүргіншінің мұздың астына кеткенін тәртіп сақшылары бейнебақылау камерасы арқылы байқаған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар су астынан шығарылған азаматты дәрігерлердің қолына тапсырды. 

Полицейлері өзіне-өзі қол салмақ болған жас жігітті құтқарды. Белгісіз азаматтың әрекеті туралы тәртіп сақшыларына жергілікті шипажайлардың бірінің директоры хабарлаған. Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлері оқиға орнына жеткенде 4-қабаттағы балкондардың бірінен секіруге оқталып тұрған жанды көрген. Қолына әйнектің сынығын ұстаған азамат тамағын да тіліп жіберіпті. Учаскелік полицей жігітті әңгімеге тартып тұрғанда, келесі балконнан жедел уәкілдер секіріп түсіп, бозбаланы өлімнен құтқарды.

 

Хабар 24 телеарнасы