377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында заңсыз қару сақтаған азамат жауапкершілікке тартылды

  • 187
  • UPD: 13:53, 10.12.2019

Алматы облысының Қаратал аудандық соты заңсыз аң аулаушыларды ұстауға арналған рейд кезінде қолға түскен азаматты кінәлі деп тапты.

Ол инспекторлар мен қорықшыларды көре салысымен қолындағы 16-калибрлі аңшы мылтығы мен оқШантайын ағаштың арасына жасырып, «қару менікі емес, мен мал іздеп жүрген адаммын» деп жауаптан жалтарып кетуге тырысып баққан еді. Жанындағы аңға бірге шыққан серіктері айыптарын сол жерде толық мойнына алып, екі қырғауылды заңсыз атқандары үшін мемлекетке 60 мың теңге көлемінде айыппұл төлеп құтылған болатын. Сот бұл екеуінің заңсыз қару сақтады деген күдікке іліккен азаматтың бірі бөлесі, екіншісі жақын досы екенін, сонымен қатар Алматы облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясының қызметкерлері мен «Кәлпе» аңшылық шаруашылығының қорықшылары келтірген дәлелдерді ескере отырып, Алтынбек Беркімбаевты кінәлі деп тапты.   

Жарас Арыстанбеков, Қаратал аудандық сотының төрағасы:

- Қаратал аудандық соты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 822 -823 баптарын басшылыққа ала отырып, Алтынбек Беркімбаевты кінәлі деп тану жөнінде қаулы етеді. 488-баптың бірінші тармағы бойынша оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынсын. Ал одан тәркіленген қару-жарақ осы қаулы заңдық күшіне енген соң жойылсын.

Хабар 24 телеарнасы