432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда үш адам уланып, қайтыс болды

  • 487
  • UPD: 09:28, 11.12.2019
Атырауда үш адам уланып, қайтыс болды

Атырауда 10 желтоқсанда екі ер және бір әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Tengrinews.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

17:30 шамасында Жұлдыз ықшамауданындағы жеке үйде үш адамның мәйіті табылған. Олар 1927, 1971 және 1978 жылғылар.

«Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы («Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету») бойынша жүріп жатыр», - делінген Атырау облыстық ПД баспасөз хабарламасында.

Әзірге олардың неден уланғаны айтылған жоқ. Болжам бойынша газдан уланған. 

Хабар 24 телеарнасы