425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылық тәртіп сақшылары 7 жасар қызды зорламақ болған күдіктіні ұстады

  • 660
  • UPD: 10:51, 11.12.2019
Қарағандылық тәртіп сақшылары 7 жасар қызды зорламақ болған күдіктіні ұстады pexels.com

Жергілікті тұғындардың бірі полиция бөліміне қоңырау шалып, подъезде белгісіз еркектің баласына тиіскендігін айтып, шағымданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары қылмыскердің ізіне түсіп, көп кешікпей құрықтады. Қыз бала оны көпшілік арасынан жазбай таныды. Сәл кешіккенде ізін суытады екен. 43 жастағы күдікті 2006 жылы дәл осындай қылмысы үшін 15 жылға сотталып, жуырда шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан. Қазір ол қамауға алынды, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дархан Мырзабеков, тәртіп сақшысы:

Жеті жастағы баланың артынан аңдып келіп, подъезге кірді деген хабарлама түсті. Екі минутта оқиға орнына жеттік. Оқиға орнына жеткен соң звандаған адамға хабарласып, яғни, шешесіне, әкесі мен қызын машинаның бортына алып, тез арада іздеу жұмыстарына кірістік. Ержанов көшесінің бойында жаңағы күдіктіні қолға түсірдік. Оқиға орнына жедел тергеу тобы келді.

Хабар 24 телеарнасы