423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Рудныйда жоғалған жеткіншек табылды

  • 584
  • UPD: 11:05, 11.12.2019
Рудныйда жоғалған жеткіншек табылды kokshetau.asia

Қостанай облысының Рудный қаласында қарашаның 18-і күні із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жастағы жеткіншек дін аман табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны «Юбилейный» саяжай қоғамының маңында күзетші байқап қалған. Учаскелік инспекторды шақыртып, қашқын бала полиция бөліміне жеткізілген.

Естеріңізге салайық, мектептен шығып, үйіне оралмаған Денис Матвеевті тәртіп сақшылары, еріктілер барлығы 300-ден астам адам он күн бойы шарқ ұрып іздеді. Бұл осымен оқу жылы басталғаннан бері оның үшініші рет үйден безуі. Алты жыл бүрын асырап алған ата-анасы қанша жақын тартса да, қаңғыбастықты қалап тұрады екен. Және өтірік айтып, із жасыруға әккіленіп алған. Бұл жолы да мен Денис емеспін, Максиммін деп жұртты алдауға тырысыпты.

Мұрат Мінайдаров, Рудный қалалық ПБ басшысының орынбасары:

- Мамасы келіп, өгей асырап алған мамасы, сол жерде бәріміз Денис Матвеев екенін анықтадық. Өзінің айтуы бойынша 10 күн бойы өзен жағасында жүрдім, бір жерде суға түсіп кеттім, үстім су болып, сосын жаңағы бақшада өмір сүрдім, бір үйде жатып, кептірілдім дейді. Қазіргі  уақытта психологтармен қайда, қалай болғаны, қай жерде болғанын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы