429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 8 жасар баланы ит талап өлтірді

  • 885
  • UPD: 12:51, 11.12.2019
Алматы облысында 8 жасар баланы ит талап өлтірді

Алматы облысында 8 жасар баланы неміс овчаркасы талап өлтірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 30 қараша күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында болған.

«Біз бала өлімі туралы фактіні растаймыз. Қазір бұл істі аудандық полиция бөлімі тексеріп жатыр. Неміс овчаркасы сол отбасының өзіне тиесілі. Арнайы қызмет мамандарының көмегімен иттің көзі жойылды. Тергеу облыстық басқарманың бақылауында. Біз сараптама нәтижесін күтеміз, содан кейін түпкілікті процессуалды шешім қабылданады», - деді Алматы облысы ДП ресми өкілі Серік Үпиев.

Хабар 24 телеарнасы