378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде бір отар қой ұрлаған топ ұсталды

  • 241
  • UPD: 22:44, 11.12.2019
Ақтөбеде бір отар қой ұрлаған топ ұсталды

Ақтөбенің Қобда ауданында 113 қойды айдап әкетіп, оның 23-ін сойып алған топ ұсталды. Аудандағы Сарыбұлақ ауылы тұрғынының қорасынан 113 бас қойдың ұрланғаны анықталып, жедел тергеу тобы ізіне түсті, деп жазды ҚазАқпарат.

«Қойды аудан орталығына айдап кеткені белгілі болды. Іздестіру шарасы кезінде Қобда ауылының шетінде орналасқан үйлердің бірінде 5 қасапшының жүргені анықталды. Олар қойды бауыздап, 23-ін сойып үлгерген. Алдын ала болжам бойынша күдіктілер қой иесінің үйінде жоқ екенін пайдаланып, 40 шақырым жердегі аудан орталығына әкелген», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша тергеу басталды. Күдіктілер Қобда мен Сарыбұлақ ауылының тұрғындары болып шықты. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы