432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда 2 адам иіс тиіп, ауруханаға түсті

  • 446
  • UPD: 11:53, 12.12.2019
Көкшетауда 2 адам иіс тиіп, ауруханаға түсті

Көкшетауда 85 жастағы кейуана мен 56 жастағы ер адам иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады ҚазАқпарат Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, оқиға туралы ТЖД қызметкерлеріне қалалық аурухананың дәрігерлері хабарлаған.

«Белгілі болғандай, 1963 ер адам әпкесімен бірге 1934 жылғы анасының үйіне қонаққа келген. Таңертең әпкесі пеш жаққан. Базардан оралған ол үйде, ағасы мен анасының ұйықтап жатқанын көріп, бірден жедел жәрдем шақырады. Қазіргі уақытта 1934 жылғы кейуананың жағдайы ауыр», - деп түсіндірді Көкшетау қаласы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Максим Шатковский.

Хабар 24 телеарнасы