430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да бір аптада 3 көлік ұрлаған деген күдікпен екі адам ұсталды

  • 590
  • UPD: 12:59, 13.12.2019

Бір апта ішінде үш автокөлік ұрлады деген күдікпен Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті мамандары жергілікті 2 азаматты ұстады. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша зардап шеккен жандардан бірінші арыз 3-ші желтоқсан күні түскен. Араға екі күн салып тағы бір көлік ұшты-күйлі жоғалады. Желтоқсанның 7-і күні үшінші арызданушы жеткен. Жедел іздестіру барысында 27 және 29 жастағы жергілікті тұрғындар анықталды. Полицейлердің айтуынша күдіктілер ұрлаған бір автомашинаны сатып үлгерген. Екіншісін жақын маңдағы орманның ішіне жасырса, үшінші көлікке жалған мемлекеттік нөмір жасап, өздері мініп жүрген.

Күдіктілердің бұған дейін де автомобильдің қосалқы бөлшектерін ұрлау дерегіне қатысы болуы мүмкін. Осыған орай қос айыпталушы да уақытша ұстау изоляторына жабылды. Айта кету керек ұрылар негізінен «Жигули» маркалы автокөлігіне көз салған. 

Алматы облысының Іле ауданына қарасты Өтеген батыр ауылы маңында тойота автокөлігі жолдан ұшып, жүргізушісі қаза болды. Бұрылысқа беттеген сәтте ырықтан кеткен көлік асфальт бойындағы ағашқа соқтығысқан. Зардап шеккен жүргізушінің жарақаттары ауыр болғандығы сондай ол жедел жәрдем қызметі жеткенше қаза болған. Оқиғаның мән жайын полицейлер анықтайтын болады. 

Мезгілсіз уақытта көше аралаған 200-ден астам ақтөбелік жеткіншек полиция бөлімдеріне жеткізілді. Оның ішінде 27–сі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Ал 179- ы үйінен кетіп, қаңғыбастыққа салынған. Кәмелетке толмаған 11 оқушы қалалық «Жасөспірімдерді уақытша бейімдеу» орталығына жеткізілді. Бұл тәртіп сақшылары мен түрлі мемлекеттік мекемелер және үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен өткен үш күндік жедел алдын алу шараларының нәтижесі. Оқу орындары арасында жүргізілген жасарын сауалнама кезінде тағы 3 қылмыстық дерек тіркеліп отыр. Мәселен, кәмілет жасына жетпеген күдіктілер өзінен кіші жандардан ақша бопсалады деп айыпталуда. Қазір бұл жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы