419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Корея соты баланы қағып кеткен қазақстандықты 5 жылға түрмеге жабуды сұрады

  • 657
  • UPD: 14:44, 13.12.2019

Оңтүстік Корея соты 7 жасар баланы қағып кеткен қазақстандық азаматты 5 жыл бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Бүгін Чанвонда өтіп жатқан сот отырысы барысында істі тергеуші прокурор айыпталушыға осындай жаза кесуді сұрады. Алайда қорғаушы мұндай шешімнің қатаң екенін айтып, шағымданды. Адвокат сондай-ақ қазақстандықтың изоляторда кәріс тілін білмеуден көп қиындық көріп жатқанын жеткізді. Сот іске қатысты соңғы үкімді қаңтар айында шығаруы тиіс. Ал ақпарға қарағанда Сырым қағып кеткен бала өткен айда ауруханадан шыққан. Бірақ бүлдіршіннің ата-анасы қазақстандық тараппен өзара келісімге келуден бас тартып отыр.

Еске сала кетейік, Кореяда көп шу туғызған бұл жол-көлік апаты қыркүйектің 16-сы күні болған еді. Осы елде заңсыз жүрген біздің елдің азаматы жолда 7 жасар баланы, оқиға орынын тастап кеткен болатын.

Чой Хак Се, айыпталушының адвокаты:

- Баланы емдеуге 60 миллионға жуық вон кеткен. Айыпкер мұндай қаржыны төлей алмайды. Сондықтан сотталушының шешесі оны ай сайын төлеп тұруға рұқсат беруді сұрап отыр. Яғни ол шығынды өтеуден бас тартып отырған жоқ. 5 жыл қатаң үкім. Кореяда тіпті көлікті мас күйінде жүргізгендерге мұндай үкім шығарылмайды. Ал Сырым апат кезінде сау болған. Оны ескеру қажет. Бұған қоса баланың да кінәсі бар. Ол жолды рұқсат етілмеген жерден кескен. Менің ойымша, 3 жылдан аз мерзім беріледі.

Хабар 24 телеарнасы