375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тарақан улаймын деп жансақтау бөліміне түскен ер адам қайтыс болды

  • 192
  • UPD: 16:53, 13.12.2019
Алматыда тарақан улаймын деп жансақтау бөліміне түскен ер адам қайтыс болды

Алматыда тарақан улаймын деп жансақтау бөліміне анасымен бірге түскен 32 жастағы ер адам қайтыс болды.

Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалхатқа берген жауабында айтты.

«Ер адам 12 желтоқсанда кешкі уақытта қайтыс болды, жүрегі тоқтап қалды. Осы уақытқа дейін қалалық жедел жәрдем ауруханасында жансақтау бөлімінде жатты. Есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер барлық шараны қолданды, алайда өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда ана мен баланың тарақан улаймыз деп жансақтау бөліміне түскені хабарланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы