419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хан Шатырда» бутик өртенді

  • 650
  • UPD: 09:48, 14.12.2019
«Хан Шатырда» бутик өртенді inform.kz

«Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы бутиктерінің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап.

«14 желтоқсанда сағат 06:23-де «101» қызметіне «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығындағы «Climber» бутикінен бірінен өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Өрт сағат 06:48-да толық сөндірілді. 5 шаршы метр аумақ жанып кетті. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Өрттің шығу себептері анықталуда»,- делінген хабарламада.

Еске салсақ, өткен қараша айында «Хан Шатырдың» астыңғы қабатынан өрт шықққан болатын.

Хабар 24 телеарнасы