Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түс шамасында Сырым ауданы аумағында болған. Сағат 13.15-те Жымпиты ауылынан Ақтөбеге қарай 15-20 шақырым жерде «Тойота Камри» және «КИА Соренто» автокөліктерінің түйіскені жөнінде хабар түскен. Аудандық орталық ауруханаға 9 адам жеткізілсе, соның екеуі – кәмелетке толмағандар. Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.