376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқаш маңында джиптің пойызбен соқтығысуынан 2 адам қаза тапты

  • 184
  • UPD: 18:19, 17.12.2019
Балқаш маңында джиптің пойызбен соқтығысуынан 2 адам қаза тапты

Балқаш қаласының маңында Toyota Prado жол талғамайтын көлігі жүк пойызбен соқтығысып, салдарынан 2 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, темір жолдың Балқаштан темір жолдың 37 шақырым жердегі Балқаш-Саяқ торабындағы шлагбаумсыз тұсын джип көлігі кесіп өтпек болған. Сол сәтте келіп қалған жүк пойыз көлікпен соқтығысқан. Алған жарақатынан 56 жастағы және 33 жастағы екі ер адам оқиға орнында бірден жан тәсілім етті. Ал 41 жастағы тағы бір ер адам түрлі жерінен жараланып, ауруханаға жеткізілді.

«Вся Караганда» телеграм каналындағы хабарламаға сәйкес, бұл джипте аңға шыққан «Қазақмыс» компаниясының 3 қызметкері болған.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы