380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Египеттегі Қазақстан елшілігі қызметкерінің қазасы тексеріліп жатыр

  • 271
  • UPD: 19:26, 18.12.2019
Египеттегі Қазақстан елшілігі қызметкерінің қазасы тексеріліп жатыр

Египеттегі Қазақстан елшілігінің мәдени-гуманитарлық мәселелер бойынша қызметкері Еламан Жолдасовтың қазасына байланысты осы елдің полициясы қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір жергілікті прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Оған Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері де қатысуда. Марқұмның денесіне сот-медициналық сараптама жасалған. Нәтижесі алдағы уақытта жарияланады. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әлеуметтік желіде тараған ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Сондықтан тергеу аяқталғанша алып-қашпа әңгімеге сенбеуді сұрайды. Марқұмның денесі елге жеткізілгеннен кейін тағы бір сот-медициналық сараптама жасалады. Айта кетейік, Еламан Жолдасов Мысыр елінде 2 жыл қызмет атқарған. Ол жақта елшілерге арналған үйде отбасымен тұрған. Министрліктің мәлімдеуінше, үй толықтай күзетіледі және сырттан адамдардың кіруі мүмкін емес.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- «Жолдасов Еламан өз үйінің кіреберісінің жанында өлі табылды, оның қолдары мен аяғы артынан байланып, арқасы мен денесі кір болған, демек, оны жер бетімен сүйреген» деп, тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Оны тапқан кезде оның мойыны жіппен оралып, баспалдақтың таянышына асылып тұрған. Алғашқы сыртқы тексеру кезінде денеде қандай да бір зақым, көгерулер мен жарақаттар болған жоқ. Қолдары мен аяқтары байланбаған. Оны оқиға орнында жасалған видео және фото материалдар дәлелдейді.

Хабар 24 телеарнасы