380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлады деген күдікпен 21 жастағы азамат ұсталды

  • 183
  • UPD: 22:38, 18.12.2019
Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлады деген күдікпен 21 жастағы азамат ұсталды

Ол бұған дейін іздеуде жүрген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек бүгін ғана полиция қызметкерлерінің қолына түскен.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан алты күн бұрын 9 жастағы қыздың зорланғаны туралы хабар тараған еді. Жантүршігерлік жайт, теміржол вокзалы маңындағы үйлердің бірінде болған. Қаскөй сабақтан жалғыз қайтқан жеткіншекті сөзіне иландырып, оның пәтеріне кірген. Зәбір көрген қыз балаға дәрігерлер мен психологтар көмек көрсетті. Қылмысқа қатысты күдіктіні ұстаумен арнайы жедел-тергеу тобы айналысқан.

Хабар 24 телеарнасы