375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда грамдап сатылатын жасанды сусабын тәркіленді

  • 159
  • UPD: 11:36, 19.12.2019
Қостанайда грамдап сатылатын жасанды сусабын тәркіленді

Қостанайдағы бір ірі сауда орталығынан 25 литр  қолдан жасалған сусабын тәркіленді. Бұл жәйт тауарлық таңбаның заңды иесінің шағымы бойынша жүргізілген тексеріс барысында анықталған. Себебі мұндай орамдағы өнім көптен бері шығарылмайды. Шаш жууға арналған жасанды сусабындар Қазақстанға Ресейден әкелінген. Сатушының қолында  оны өткізуге рұқсат беретін құжат болмаған. Тәркіленген  5 мың дана  сусабын жергілікті қазандықта отқа жағылды. Ал оны саудаға шығарған кәсіпкерге 70 мың тенге айыппұл салынды.

Ренат Қапышев, облыстық әділет департаментінің  бөлім басшысы:

- Кінәлі адамдар әкімшілік кодекстің 158-бабы бойынша жауапкерішілкке тартылды. Бұл өзге тауарлық белгіні заңсыз пайдалану бабы. Тиісті сараптамалық тексеріс, қолдан жасалған өнімнің  таза тауардан 90 проценттен астам айырмашылығы бар екендігін анықтады.

Хабар 24 телеарнасы