379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 9 айлық сәби әшекей бұйым жұтып қойды

  • 179
  • UPD: 12:31, 19.12.2019
Алматы облысында 9 айлық сәби әшекей бұйым жұтып қойды

Алматы облысы Іле ауданының дәрігерлері 9 айлық сәбидің асқазанынан әшекей бұйым алып шықты.

«Баланың өзі белгісіз затты жұтып қойғанын түсіндірген. Бұйым оның асқазанында 11 күн бойы жүрді. Ең бастысы операция сәтті жүзеге асты. Баланың жағдайы жақсы», – деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова. Ведомство өкілінің мәліметінше, дәл осы Іле аудандық ауруханасының дәрігерлері екі ай бұрын 8 жастағы бүлдіршіннің ішінен 1,5 келі шаш алған.

Хабар 24 телеарнасы