376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жер үй өртеніп, бір жасар бала көз жұмды

  • 177
  • UPD: 13:17, 20.12.2019
СҚО-да жер үй өртеніп, бір жасар бала көз жұмды inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысында жер үй өртеніп, бір жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай таңғы сағат 10:00 кезінде Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында тіркелді. Құтқарушылар оқиға орына жеткен кезде 1941 жылғы әйел мен 2011 жылғы оның немересі өз беттерімен сыртқа шығып үлгерген. Ал нәресте болса, түтінге уланып қалған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 8 арнайы техникамен 40 құртқарушы жұмылдырылды.

Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасарасы:

- Өрттің орнына келгенде өрттен 2018 жылғы бала біздің өрт сөндірушілерімізбен құтқарылды. Бірақ орталық аудандық ауруханада бала мерт болды. Енді өрттің себебі зерттелуде.

Хабар 24 телеарнасы