378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самара-Шымкент» тас жолында 11 көлік соқтығысып, сегіз адам зардап шекті

  • 236
  • UPD: 21:40, 21.12.2019
«Самара-Шымкент» тас жолында 11 көлік соқтығысып, сегіз адам зардап шекті

«Самара-Шымкент жолының бойында 2 жол апаты болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Самара-Шымкент» тас жолы бойында ауа райының қолайсыздығынан жағдай ушығып барады. Бүгін онда екі бірдей жол апаты тіркелді. Алғашқысы Ақтөбе облысының Хромтау ауданында болған. Онда 11 көлік бір-біріне соқтығысқан. Салдарынан 9 адам зардап шекті, оның бесеуі ауруханаға жеткізілді.

11 көлік қақтығысқан апат жолдың 859-шақырымында болған.

«Mercedes жүргізушісі жолдың тайғақ бөлігінде көлігін басқара алмай, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, ВАЗ 2115 автокөлігімен соқтығысты. Қауіпсіздік мақсатында патруль полиция наряды барлық көлік құралдарының қозғалысын жауып тастады. Осы уақытта метеорологиялық жағдайды ескерместен жолға шығып кеткен Volvo жүк көлігінің жүргізушісі, Хромтау қаласы жағынан келе жатып, жол жиегіндегі тоғыз көлікті қаққан», - делінген Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

9 адам зардап шекті, олар Хромтау аудандық орталық ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен жеткізді.

 

Хабар 24 телеарнасы