378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Самара-Шымкент жолында апаттан жараланғандар саны артты

  • 209
  • UPD: 10:36, 22.12.2019

«Самара - Шымкент» тас жолында екі бірдей жол-көлік оқиғасы тіркелді. 859-шақырымда, яғни Ақтөбе облысының Хромтау ауданына қарасты учаскеде он бір көлік соқтығысты. Екеуі ауыр жүк көлігі, бір газель және сегіз жеңіл машина. Тоғыз адам зардап шеккен. Бесеуі Хромтау қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Екінші жол апаты Әйтеке би ауданында тіркелді. Екі жеңіл көлік бетпе бет келіп соғылып, салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы қайтыс болды. Көліктегі тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Еліміздің ішкі істер министрлігі қолайсыз ауа райы кезінде жүргізушілердің мейілінше сақ болуын ескертеді. Кейбір жерлерде көктайғақ, елді бір жерлерде боран соғып, жолдың көріну нашарлап тұр. Сондықтан мейілінше мөлшерлі жылдамдытан асыру апатқа ұшыратуы мүмкін екенін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы