376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында көліктердің бетпе-бет соқтығысуынан екі адам қаза тапты

  • 210
  • UPD: 13:48, 22.12.2019
Атырау облысында көліктердің бетпе-бет соқтығысуынан екі адам қаза тапты

Атырау облысындағы тас жолда екі автокөлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам мерт болып, алты адам жараланды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Мақат ауданы аумағында «LADA Priora» және «Lexus» маркалы көліктер соқтығысқан. Мақат аудандық ауруханасынан оқиға орнында екі адам қаза тапқанын хабарлады.

Жарақат алғандардың ішінде Қытай азаматы да бар. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң 2 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Өзгелері аудандық ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы