378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында көлікте иіс тиген адам қайтыс болды

  • 182
  • UPD: 14:13, 22.12.2019
Ақмола облысында көлікте иіс тиген адам қайтыс болды

Ақмола облысының Щучье қаласында гаражда тұрған көліктің ішінде болған екі ер адамға иіс тиген. Оның бірі – 39 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, көз жұмған ер адам 1980 жылы туған. Ал оның қасында болған 1981 жылғы ер адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Қайғылы оқиға 21 желтоқсан күні болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша екеуінің де көлік түтігінен шыққан газдан уланғаны анықталып отыр. Қазір осы оқиға байланысты сот-медициналық сараптама жүргізілуде», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Хабар 24 телеарнасы