377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы-Ташкент жолында қар құрсауынан адамдар құтқарылды

  • 246
  • UPD: 15:42, 22.12.2019

Жамбыл облысында ақтүтек боран салдарынан жолдар жабылды. Қазір барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Халықаралық маңызға ие Алматы-Ташкент жолында кешелі бері көлік қатынасы үзілген.

Жолда жүздеген жүк көліктері қаңтарылып тұр. Ішінде жолаушылары бар 40-тан астам автобус та бар. Қарлы боранның құрсауында қалған 26 көлік сүйреп шығарылып, 140 адам Бауыржан Момышұлы ауылына жеткізілді. Оның 8-і бала. Құтқарылғандар жергілікті мәдениет үйі мен мектептерді паналап отыр. Тағы 500-ге жуық адам бет алған бағыттары бойынша пойызбен жөнелтілді. Көлік қозғалысы қашан жанданатыны белгісіз. Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығынан облыстық маңыздағы жолдар да жабылған. Қазір Жуалы ауданы, Жаңатас пен Қаратау қалаларын жалғап жатқан жолмен жүру мүмкін емес. Аймақта қалыптасқан жағдайға байланысты жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр. 

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы