429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы базарынан сатып алынған сүттен қауіпті бактерия табылды

  • 563
  • UPD: 16:29, 23.12.2019
Алматы базарынан сатып алынған сүттен қауіпті бактерия табылды

Алматының санитар дәрігерлері Көк базардан алынған сүт өнімінен қауіпті бактерия тапты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Бұл туралы брифингте Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова мәлім етті. Ол мамандардың әлеуметтік желіде сүтке әлдене араластырып отырған әйелдің видеосы тарағаннан кейін сүтті жасырын сатып алғанын айтты.

«Біз бұл сүтті сол қатардан сатып алдық және онда жалпы микроб мөлшерінен асып кеткенін анықтадық, соматикалық жасушалардың құрамы, стафилокок табылды. Яғни бұл өнім адам ағзасына қауіпті. Біз өнімді тәркілеп, сатушыларға әкімшілік жаза қолдандық», – деді Айзат Молдағасимова.

Хабар 24 телеарнасы