377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында қыз алып қашу сәті камераға түсіп қалды

  • 261
  • UPD: 10:29, 25.12.2019

Түркістан облысында қыз алып қашқандар бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Арыс қаласында болған осы оқиғаға байланысты жәбірленушінің анасы полицияға шағым түсірді. Енді бұл жігіттердің үстінен «Адам ұрлау» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Қыз алып қашу операциясына қатысты мән-жайды полиция департаментіндегілер анықтауға кірісті.

Ақтауда жол-көлік апатынан екі жүкті әйел зардап шекті. Оқиға 26-шағын аудандағы балалар ауруханасының алдында болған. Жедел жәрдем көлігі оларды түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізді. Акушер-гинекологтардың тексеруінен өткен соң екеуі де үйлеріне жіберілді. Аяғы ауыр әйелдердің бірі жүктіліктің 34, екіншісі 22-аптасында болған. Іштегі нәрестелері мен өз өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деді дәрігерлер.

Әйгерім Ибадуллаева, облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникация бөлімінің басшысы:

- Қосалқы жолақтан шыққан Lexus автокөлігінің жүргізушісі басты жолда келе жатқан КИА машинасына жол бермей қойған. Жол көлік оқиғасынан КИА-да отырған екі бірдей жүкті әйел зардап шекті. Аталған жағдайға байланысты lexus автокөлігін басқарған азаматқа ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабымен протокол толтырылды. Көлігі айып тұрағына жабылды.

Шымкентте отбасылық жанжал соңы қанды оқиғамен аяқталды. Ашу үстінде күйеуі әйеліне пышақ ұрып, артынша өз-өзін бауыздап жіберген. Оқиға орнына дереу келіп жеткен тәртіп сақшылары жедел жәрдем қызметіне хабарласып, ерлі-зайыптыларды ауруханаға жеткізді. Қазір осы оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр.

Қарағанды облысының Нұра ауданында қар құрсауында қалып қойған автокөліктерді шығармақшы болған 1956 жылғы азамат екі жүк көлігінің арасында қысылып қалып, қатты жарақат алды. Оқиға орнына санитарлық авиация қызметкерлері мен құтқарушылар келіп, алғашқы көмек көрсетті. Жарақан алған азамат МИ-8 тікұшағымен Жезқазған қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы