375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда мас жүргізуші тұрақта тұрған 6 көлікті соғып кетті

  • 195
  • UPD: 10:43, 26.12.2019
Қарағандыда мас жүргізуші тұрақта тұрған 6 көлікті соғып кетті

Бүгін түнде Қарағандыда мас жүргізуші тұрақта тұрған 6 көлікті соғып кетті.

Аталмыш оқиға салдарынан 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 желтоқсан күні сағат 02:30 шамасында «Мерседес» автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Шахтерлер даңғылымен Язев көшесі жағынан Республика даңғылына қарай жүріп бара жатып қоршауды соғып өтіп, Құрылысшылар даңғылының бойында 23/7 үйдің тұрағына кіріп кетіп, түрлі маркалы 6 автокөлікті соққан. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам көлікті мас күйінде басқарып, рөлге ие бола алмай қалған.

Хабар 24 телеарнасы