376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде шұңқырға құлап кеткен бала құтқарылды

  • 219
  • UPD: 22:55, 26.12.2019

Семейде терең шұңқырға құлап кетіп, онда 8 сағат отырып қалған бала құтқарылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат қаланың полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

25 желтоқсан күні сағат 21:20-да 102 желісіне Холодный ключ ауылының тұрғыны хабарласып, 9 жастағы ұлының жоғалып кеткенін айтқан. Жеткіншектің сағат 15:00-де үйден шығып кетіп, қайта оралмағаны анықталды.

«Оқиға орнына кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар, полицияның Әуезов бөлімі жедел-тергеу тобының қызметкерлері, патрульдік полиция батальонының патрульдік жасағы жіберілді. Олар ауыл тұрғындарымен бірлесіп іздестіру шараларын жүргізді. Сағат 23:50 шамасында автобус аялдамасының маңындағы терең шұңқырдан бала табылды», – деді басқарманың баспасөз қызметі.

Жеткіншек дереу балалар ауруханасына жеткізілді. Оған өкпенің қабынуы диагнозы қойылды. Қазір баланың жағдайы қалыпты.

Хабар 24 телеарнасы