376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде қарағай ағашын отаған тұрғын ұсталды

  • 147
  • UPD: 19:58, 26.12.2019
Семейде қарағай ағашын отаған тұрғын ұсталды

Семейде қарағай отаған қала тұрғыны ұсталды. Енді ол 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

28 жастағы бұрын сотты болған азамат қала іргесіндегі орманға барып, екі жас ағашты арамен кескен. Сөйтіп, табиғат сақшыларының қолына түсті. Қаскүнем бұл әрекетін жұмыссыз болғандықтан жаңа жылға шырша алуға ақшасы жоқ екендігімен түсіндірген. Полицейлер жыл басынан бері осындай 12 оқиға болғанын айтады.

Бауыржан Ыдрышев,  ҚПБ табиғат қорғау қызметінің инспекторы:

- Осы 2 ағашты ол өз үйіне жаңа жылға, өзінің балаларына, өз отбасына арнайы кескен. Осы жылы өткен жылмен сәйкес келгенде ағаш кесу фактілері көбейді. Семей қаласы бойынша 5 үлкен сату орындары тексеріліп, оның ішінде біреуінің құжаттары дұрыс болмай, 38 шыршасы алынып, кейін дұрыс болғандықтан қайта иесіне қайтарылды.

Хабар 24 телеарнасы