Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында болған ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты.
Сонымен қатар апаттың себебін анықтау үшін премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен арнайы үкіметтік комиссия құрылғанын, кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлім етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.