423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы ұшақ апаты: Informburo.kz басылымының қызметкері қаза тапты

  • 1052
  • UPD: 15:54, 27.12.2019
Алматыдағы ұшақ апаты: Informburo.kz басылымының қызметкері қаза тапты

Ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында Дана Круглова есімді әріптесіміз де бар.

Ол Informburo.kz ақпарттық порталында шығарушы редактор қызметін атқарды. Дана небәрі 35 жаста еді. Ол Жаңа жыл мерекесін елордадағы ата-анасымен қарсы алмақ болып жолға шыққан екен.

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан 14 адам қаза тапқан. Әзірге жетеуінің ғана аты-жөні белгілі болып отыр. Сондай-ақ, зардап шеккен 23 адамның жеке бас мәліметі анықталды. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылды.

Еске сала кетейік, бүгін таңғы сағат 7:22 шамасында Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты Елбасы Н.Назарбаев қара жамылған  отбасылардың қайғысына ортақтасты.

Осыдан 6 жыл бұрын дәл осы Қызылту ауылы маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді.

Хабар 24 телеарнасы