429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әуе апаты: ұшақта төрт айлық сәби болған

  • 1248
  • UPD: 20:11, 27.12.2019

Дәрігерлердің айтуынша, ұшақта болғандардың ең кішісі 4 айлық бала.

Жалпы отбасымен бірге ұшқандар көп деген ақпарат бар. Мәселен, №4 ауруханаға 37 жастағы келіншек түскен. Ол жолдасы екеуі 5 баласымен бірге ұшқан. Апат кезінде күйеуі көз жұмған. Бұл туралы келіншектің әпкесі хабарлады. Ал 5 бала балалар ауруханасына жеткізілген.

Жалпы, №4 қалалық клиникалық ауруханаға 17 адам аса ауыр жарақатпен жеткізілді. Қазір зардап шеккендерге психологтар да көмектесіп жатыр.

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

Бұған дейін әріптесіміз, Informburo.kz басылымының тілшісі Дана Круглова апаттан ажал құшқанын жазған едік.

Жалпы мәлімет бойынша, апат салдарынан 14 адам қаза тапқан. Әзірге жетеуінің ғана аты-жөні белгілі болып отыр. Сондай-ақ, зардап шеккен 23 адамның жеке бас мәліметі анықталды. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылды.

Еске сала кетейік, бүгін таңғы сағат 7:22 шамасында Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты Елбасы Н.Назарбаев қара жамылған  отбасылардың қайғысына ортақтасты.

Осыдан 6 жыл бұрын дәл осы Қызылту ауылы маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді.

Хабар 24 телеарнасы