447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары қара жамылған отбасыларға көңіл айтты

  • 320
  • UPD: 16:00, 27.12.2019
Мәжіліс депутаттары қара жамылған отбасыларға көңіл айтты

Бүгін палатаның бюро отырысын ашқан Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин барлық депутаттық корпус атынан Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Біз апат салдарынан қаза тапқандар туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Осы қайғылы жағдайға байланысты барлық депутаттардың және өз атымнан жақындарынан айырылған азаматтарға қайғырып көңіл айтамын. Біз сіздердің орны толмас ауыр қайғыларыңызға ортақпыз», - делінген жеделхатта.

Нұрлан Нығматулин сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестік білдірді.

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

Хабар 24 телеарнасы