428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ІІМ 12 адамның қазасын растады

  • 1289
  • UPD: 17:22, 27.12.2019
ҚР ІІМ 12 адамның қазасын растады

Бүгін таңғы сағат 7:22  шамасында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бет алған әуе кемесі апатқа ұшырады.

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан көз жұмған 12 адамның қазасын ҚР ІІМ ресми түрде растады.

Қаза тапқандар тізімі:

  1. Николай Асташов, 1971 ж.
  2. Рустам Қайдаров, 1940 ж.
  3. Бауыржан Қалиев, 1974 ж.
  4. Базархан Карибаева, 1974 ж.
  5. Марат Муратбаев, 1961ж.
  6. Абай Нурбеков, 1986 ж.
  7. Арман Исина
  8. Сәния Аманжол
  9. Дана Круглова, 1984 ж.
  10. Қайырхан Туматов, 1955 ж.
  11. Валерий Ануфриев
  12. Имина Оспанова, 1963 ж. 

    Ұшақ Алматы маңындағы Қызылту ауылында апатқа ұшырады. Сағат 07:22-де «Бэк Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктігін жоғалтып, бетонды қоршауға соғылған. Екі қабатты құрылыспен қақтығыс болған. Өрт болған жоқ. Естеріңізде болса, Алматы маңындағы Қызылту ауылында осыдан 6 жыл бұрын да жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапқан.

    Ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында Дана Круглова есімді әріптесіміз де бар. Ол Informburo.kz ақпарттық порталында шығарушы редактор қызметін атқарды. Дана небәрі 35 жаста еді. Ол Жаңа жыл мерекесін елордадағы ата-анасымен қарсы алмақ болып жолға шыққан екен.

    Сондай-ақ Қазақстанның генералдар кеңесінің төрағасы да Алматы маңында болған ұшақ апатынан қаза тапты. Генерал-майор Рүстем Қайдаровтың қазасы туралы ақпаратты қоғамдық бірлестіктің мүшелері растады

    Алматы маңындағы құлаған ұшақта барлығы 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар тізімін мына жерден көруге болады. Ұшақта 4 айлық бала да болған. Нәресте апаттан аман қалды. Сонымен қатар бортта төрт шетел азаматы болғаны анықталды.

    Алматыдағы ұшақ апатына байланысты Орталық коммуникациялар қызметі де баспасөз мәслихатын өткізді. Орталықтың ресми өкілі Әлібек Әбділовтың айтуынша, апат жағдайлары анықталғанға дейін осы Фоккер-100 әуе кемелерінің ұшуы уақытша тоқтатылды.

    «Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

    Елбасы ұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты

    «Апаттан мерт болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты зор күйзеліспен қабылдадым. Көз жұмғандардың туған туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез сауығуын тілеймін», – деді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев.                                                                                         

Хабар 24 телеарнасы