375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай соты А.Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырды

  • 448
  • UPD: 15:32, 27.12.2019
Қытай соты А.Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырды

2019 жылғы 27 желтоқсанда Гуанчжоу сотында есірткі заттарын тасымалдау ісі бойынша айыпталған Қазақстан Республикасының азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытай соты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот отырысына адвокаттар мен Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің консулы қатысты. Сот үкімі 10 күн өткен соң күшіне енеді.

Мемлекет басшысы осы күзде Қытайға жасаған сапары барысында Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерген болатын.

ҚР СІМ отандасымызды елге экстрадициялау қандай жағдайда іске асатынын түсіндірген еді.

Еске салайық, 20 жастағы қазақстандық студент 2014 жылы Қытай аумағында есірткі тасымалдады деген айыппен ұсталып, түрмеге қамалған болатын.

Хабар 24 телеарнасы